Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың жеті негізгі бағытын бекіткен болатын.
Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қуанышұлы ауданға қарасты ауылдардың діни қызметкерлерін жинап, аталған бағыттарды талқылады.
Жиын барысында Жасұлан Қуанышұлы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыттарының маңыздылығын атап өтті.
Және имамдар аталған бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстар жоспарын талқылады.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.