«Дін және отбасы құндылығы жылы» аясында Жылыой аудандық мешітінде ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған тағылымды шара өтті.
Іс-шара барысында халқымыздың ежелден келе жатқан тұсаукесер және балаға азан шақырып ат қою рәсімдері жасалды. Дәстүрлі рәсімдер арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы кеңінен айтылды.
Шарада ауданның бас имамы Думан Мұратұлы сөз сөйлеп, бала тәрбиесі мен отбасы берекесінің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, тұсауы кесілген бүлдіршінге ақ жол тілеп, үлкендер өнегелі баталарын берді.
Жиын соңында ақсақалдар ақ батасын айтып, сәбиге ұзақ ғұмыр, ата-анасына амандық пен отбасыға береке тіледі.
Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруге, отбасы институтын нығайтуға бағытталған.






