Жылыой жамағатына ынтымақ туралы насихат айтылды

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы, ұстаз Ерболат Боханов пен аталмыш мешіт ұстазы Олжас Скаков жылыойлық жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында ұстаздар жамағатқа бірлікте болудың маңызы туралы айтты.

«Тарих адам баласына мына шындықты анық үйретті: әділеттілік танытып, бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүретін қоғамдар әрқашан мықты болған. Олар әлемге үлгі болып, арттарынан бай мәдениеттер мен өркениеттер қалдырған. Ал, бірлік рухын орната алмаған қоғамдар, тарих сахнасынан аз уақыттың ішінде жойылып, іздері де қалмаған. Сондықтанда ата-бабамыз: Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады, – деп бекерге айтпаған» деген ұстаз Ерболат Боханов жамағатты бірлікке шақырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.