ЖЫЛЫОЙДА «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Жылыой аудандық мешіті қазан айында «Өмірге үміт сыйла» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Игі шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, атап айтқанда, сөйлеу қабілетінде ерекшелігі бар, көру қабілетінен айырылған және есту қабілеті төмен азаматтарға қолдау көрсетілді.

Қайырымдылық шарасы барысында барлығы 20 адамға азық-түлік себеттері табысталып, мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.