Жылыойда Қосшағыл мешітінде жамағатқа дәріс жалғасуда

Жылыой ауданындағы Қосшағыл мешітінің наиб имамы Қожанапес Ғанибек құптан намазынан кейін жамағатқа «дін мен дəстүр» сабақтастығы турасында уағыз айтты.

«Қазақ халқы ықылым заманнан мұсылман болған халық. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған да қазақ. «Жерде жетім жыласа, көкте періште жылайды» деп насихат айтқан да қазақ. «Біріңді дос, біріңді бауыр көрмесең, істің бәрі бос» деген тәмсілді қалдырған да қазақ. Ұят, обал, сауап мәселелерін ұрпақ тәрбиесінде өзекті еткен де қазақ.

Ислам – бауырмалдықтың, ынтымақтың, бірліктің діні. Өзгеге қамқор болу, жығылғанға демеу болу – исламның басты құндылықтарының бірі. Дін мен дәстүрдің сабақтастығын ұмытпауымыз қажет» деп атап өтті Қосшағыл мешітінің наиб имамы Қожанапес Ғанибек.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.