Жылыойда түлектер мұқтаж 5 отбасына 2,5 миллион теңге табыс етті (+ ВИДЕО)

Жылыой аудандық мешітінің ықпалымен мұқтаж отбасылар игілігіне осылайша, 500 мың теңгеден табыс етілді.

«Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толған түлектер қасиетті Құрбан айт құрметіне ізгі іс атқарсақ деген ниетпен мешітімізге келді. Мешіт тарапынан шын мәнінде әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасы ұсынылды. Шындығында, біздің тапқан табысымыз бен малымызда мұқтаждардың ақысы бар» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.