Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Атырау қаласындағы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында мұқтаж он отбасына азық – түлік пакеттері үлестірілді.

«Мұқтаждарға қамқорлық көрсету – мешіттеріміздің басты жұмыс бағыттарының бірі. «Қайырымдылық қылсаң, қайырын өзің көресің» деген насихат тегіннен тегін айтылмаған. Әркез қайырымдылықты, ізгілікті насихат етіп келген халқымыздың игі дәстүрі де бар» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.