Атырауда Құрбан Айт құрметіне 3648 отбасына ет таратылды (+ВИДЕО)

Атырауда қасиетті Құрбан айт кезінде 3648 мұқтаж отбасына ет жеткізілді.

Карантинге байланысты, қашықтықтан ұйымдастырылған құрбандық шалу рәсімі кезінде осынша отбасына қамқорлық көрсетілді.

Құрбан Айт кезінде атыраулықтар 511 қой, 11 ешкі, 89 ірі қара қашықтықтан құрбандыққа шалды. Мұқтаж отбасыларға ет таратуға 228 ерікті, 99 көлік жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, пандемия жағдайына байланысты, елімізде биыл Құрбан Айт мерекесі екінші жыл карантин жағдайында өтіп, құрбан шалу рәсімі қашықтықтан ұйымдастырылды.

https://youtu.be/6azcKMYVcqc

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.