Жылыойда Жаңақаратон мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Жылыой ауданына қарасты Жаңа-Қаратон кентіндегі Нұрқас Сатыбалды мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Іс шара аясында көп балалы сегіз отбасыға азық-түлік таратылды. Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттерін еріктілер отбасылардың үйлеріне жеткізіп берді.

Еске сала кетелік, қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі 7 жұмыс бағытының бірі. Қайырымдылық шарасы еліміздің барлық мешіттерінде айына бірнеше мәрте өтіп келеді.

Ізгілік шарасы жұмыстарын үйлестіру үшін бір ғана Атырау облысының орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі іске қосылған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.