Жылыойдағы Нұрқас Сатыбалды мешітінде жөндеу жүргізілуде

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Жаңа-Қаратон кентінде орналасқан Нұрқас Сатыбалды мешітінде мешіт ұжымының, белсенді жамағаттың атсалысуымен бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде мешіт аумағындағы Неке сарайының іргесіне бекіту жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, мешіттің жоғарғы шатыры күрделі жөндеуден өткізілуде.

Мұндай жұмыстар мешітті күтіп ұстау үшін аса маңызды. Және жөндеу жұмыстарына негізінен еріктілер тартылатынын атап өткеніміз жөн.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.