Құрманғазы ауданында «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты облыстық форум өтіп жатыр

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен Құрманғазы ауданында өтіп жатқан «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты облыстық форумда діни рәсімдердің орындалуы, ынтымақ бірлікті насихаттауда дін мамандарының қызметі туралы айтылуда.

Жиында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қадырбай Жармұханбетов діни рәсімдерге қатысты өз ойын айтып, дін қызметкерлерімен имамдармен бірлесіп алдағы уақытта жұмыс жасайтынын айтып өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова арнайы қатысты.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.