Алтынбек Ұтысханұлы баспасөз қызметі өкілдеріне марапат тапсырды

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Астанадан жеткен марапатын орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі өкілдеріне Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыс етті.

Жыл қорытындысымен Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ресми сайты amin.kz және мешіттің әлеуметтік желілердегі парақшаларының жұмысы жоғары бағаланды.

Осылайша, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хаты орталық Amin.kz медиа орталығының жетекшісі Нұркен Мағриденұлы және «Иманғали» мешітінің баспасөз-хатшысы Баян Жанұзақоваға табыс етілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпарат саласы бойынша жұмыстарына ерекше үлес қосып, белсенділік танытқаныңыз үшін Сізге айрықша алғыс білдіремін. Ыждағат танытып, ықыласпен атқарған әрбір игі ісіңізге Алла Тағала мол сауаптан жазғай» делінген елордадан жеткен хатта.