Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
«Сайлау – саяси оқиға ғана емес, бұл күні ел болашағы үшін маңызды қадам жасалуда. Біз бейбіт, рухани қуатты, бәсекеге қабілетті елді құру үстіндегі маңызды шараға белсене қатысуымыз керек. Сайлау – әр адамның азаматтық позициясы айқындалатын күн» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.