АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы №278 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда, еліміздің барлық өңірінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысында азаматтар өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдеріске қатысуда.

Биыл Қазақстанның жаңа бір палаталы Құрылтайының депутаттары алғаш рет сайлануда. Осы тұрғыдан алғанда, 23 тамыздағы сайлау елдің саяси жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі саналады.