Мәуліт айының құрметіне орай Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен жиырма отбасына қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
Қайырымдылық шарасында мешіттің бас имамы Еммат Ғұмаров сөз сөйлеп, Мәуліт айының мәні мен мұсылман баласын ізгілікке, мейірімділікке және қайырымдылық жасауға үндейтінін атап өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, қоғамда өзара жәрдемдесу мен жанашырлықты арттыру.





