ИСАТАЙ АУДАНЫНДАҒЫ «ЗИНЕДЕН АТА» МЕШІТІНЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК УАҚЫП ЕТІЛДІ

Исатай ауданындағы «Зинеден ата» мешітіне қызметтік көлік уақып етілді.

Игі шараға ҚМДБ жанындағы Уақып қорының Атырау облысы бойынша өкілі Ажок Сарсекеев, мешіт ақсақалдары мен жамағат өкілдері қатысты.

Шара барысында Уақып қорының өңірдегі өкілі жамағат атынан уақып етілген мешіттің қызметтік қажеттіліктеріне арналған Jeep Patriot автокөлігінің кілтін Исатай ауданының бас имамы Ерлан Қуанұлына табыстады.

Уақып етілген көлік мешіттің күнделікті қызметінде, діни-ағартушылық және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру барысында пайдаланылатын болады.

Ізгі бастама мешіт жұмысының тиімділігін арттырып, дін қызметкерлерінің елді мекендердегі қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.