Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданы әкімімен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына сапары барысында аудан әкімі Ринат Ибрагимовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі діни ахуал, кадр мәселесі төңірегіндегі тақырыптарды талқылады.

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары діни оқу орындарында білім алып жатқан мамандар жетерлік. Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда білікті мамандарды аудан, ауылдық жердегі мешіттерге тартудың маңызы жоғары -деп атап өтті Бас имам.

Аудан әкімі діни мамандарға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданы әкіміне ҚМДБ-ның мүфтият баспасынан шыққан «Толық адам» кітабын тарту етті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.