Атырауда рухани лидерлер мектеп оқушыларымен кездесті

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында, «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

“Дін және ұлттық тәрбие” тақырыбымен

Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте өткен кездесуде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысхаұлы ұлттық тәрбие, ата-әже мектебі, ата-ананың бала өміріндегі ролі тақырыптарында насихат айтты.

«Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген тамаша сөз бар. Яғни, тәрбие тал бесіктен басталады. Халқымыз ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қараған. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халқымыз адамгершілік, бауырмалдылық сынды қасиеттерді жоғары бағалаған. Осындай ізгі қасиеттер бәріміздің бойымыздан табылуы керек» деген Бас имам оқушыларды білім алуға, кітап оқып, ізденуге шақырды.

Кездесуге 60 оқушы қатысты. Шара барысында оқушыларға ұлттық құндылықтар, отансүйгіштік, ата-ананы құрметтеу тақырыптарында кеңінен насихат айтылды.