Атырау облысының Бас имамы Құрманғазы ауданына барды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданына барды.

Сапар аясында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жұма уағызын жүргізді. Және Құрманғазы ауданында жұмысын жүргізіп жатқан Қайырымдылық мекемесіне арнайы барды.

Және мекемеде жастармен кездесті. Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы заманға сай білім алудың маңызы, бәсекеге қабілетті маман болу, қоғамнан бөлінбеу, елдің дамуы жолында қызмет ету тақырыптарында насихат айтты.

Сондай ақ , Бөкейхан, Шортанбай, Балықшы ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.