Алтынбек Ұтысханұлы ұстаздарға алғыс айтты

Ұстаздар күніне орай, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде мерекелік шара өтті.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Әжелер академиясы» құрамындағы ұстаз аналарды және жас шәкірттерге діни білім беріп жүрген ұстаздарды марапаттап, алғыс айтты.

«Халқымызда «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тамаша тәмсіл бар. Ұстаздар қандай құрметке де лайық. Себебі, олар шәкіртке білім мен тәрбие нәрін себеді, өмірден лайықты орнын табуға жол көрсетеді. Қасиетті Құранның өзі «Оқы!» деп басталатынын ескерсек, ұстаздың орны қашан да төр» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.