Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталып өткен кездесуде ихсан ілімі, елге риясыз қызмет ету мәселесі талқыланды.
«Иман – екі дүние бақытына жетелейтін нығмет. Халқымызда «Иманым – жиғаным» деген сөз бар. Иманын күшейтуге тырысқан адам игілікке кенеле бастайды. Алланың қалауымен оның жүрегінде ерекше тыныштық орнайды» деген Бас имам рухани істерге ұдайы қолдау білдіріп жүрген кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізді.
Кездесуге Жылыой ауданының 13 кәсіпкері қатысты.
Еске сала кетелік, кеше Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған делегация Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда облыс имамдарының көшпелі мәжілісі өтіп, Жылыой мешітінде бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.