Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облыстық өкілдігіне қарасты «Анашым» мешітінің ашылғанына бір жыл толуына орай облыстық Құран сайысы басталды.
Іс шара «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаевтың құттықтау сөзімен басталды.
«Мешітіміздің ашылағынына бір жыл болды. Осы уақыт ішінде мешітімізде қайырымдылық, ағартушылық бағытында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі Құран жарысының мақсаты – рухани қуатты қоғам құруға атсалысу» деді Айдын Серікбаев.
Сайыс үш номинация бойынша өтуде. 7 жасқа дейінгі балалар арасында «Фил», «Нас» сүрелері, 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «Дұха», » Нас» сүрелерін және 15 жастан жоғары қатысушылар арасында 30-шы параны жатқа айту бойынша тартысты бәсеке өтуде.
80 ге жуық үміткер бақ сынасып жатқан Құран сайысына облысымызға белгілі қари – ұстаздар қазылық етуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі