Атырау имамдарының Жылыойда өткен алғашқы көшпелі мәжілісі қорытындыланды (+ ВИДЕО)

Атырауда жергілікті имамдардың көшпелі мәжілісі алғаш рет Жылыой ауданында болып өтті.

Көшпелі мәжілістің басты мақсаты – дін саласында атқарылып жатқан және өзге де маңызды мәселелерді талқылау, өзара тәжірибе алмасу, жоспар құру. Көшпелі мәжіліс енді облыстың өзге де аудандарында жалғасатын болады.

Еске сала кетелік, осыдан біраз бұрын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған діни делегация Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараларға қатысқан болатын.

Жылыой ауданында өткен көшпелі мәжілісте мүфтият бекіткен биылғы негізгі 7 жұмыс бағыты талқыланған болатын.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.