Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешіті балаларға жеміс-жидек таратты.
Тасқала ауылында ашық аспан астында өткен акция барысында барлығы 30 балаға жеміс үлестірілді.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан «Берекелі Рамазан керуені» акциясы аясында біз кішкентай бүлдіршіндерімізді қуантуды жөн деп таптық.
Рамазан – рақымшылық айы, береке айы. Рамазанның ізгі мереке екендігін сәбилеріміз де сезінуі қажет» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Рамазанның 22 күнінде облыс мешіттерінде 2145 мұқтаж отбасына жалпы салмағы 20 тонна болатын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылғанын хабарлаған болатынбыз.
Қайырымдылық марафоны жалғасуда.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.