Атырау мешіттері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай, Атырау қаласындағы мешіттер жамағаты арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Жұлдыз ықшам ауданындағы «Қ.Мұңайтпасов» мешітінде өткен сайыста теннис ойынын серік еткендер өзара бақ сынады.

Жарыс Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің ұйытқы болуымен өтті.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай көптеген іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Басты мақсат – жамағат арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты арттыру, сондай-ақ, салауатты өмір салтын дәріптеу» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сайыс жеңімпаздары қаржылай жүлделермен диплом, медальдармен марапатталды. Атап айтсақ, 1-орынды Құспан молла мешітінің намысын қорғаған Оразов Азамат иеленді.

Екінші және үшінші орындарды Балтаев Нариман (Атырау селолық мешіті),

Қаршығаев Нұрмұхан («Мәулімберген» мешіті) өзара бөлісті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.