Жылыой ауданында имамдар марапатталды

Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев бірқатар ауыл имамдарын марапаттады.

Қызметінде белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар Қосшағыл ауылының имамы Теңел Айдарбекұлы, Шоқпартоғай ауылының имамы Жамбыл Ыбыраш, Ақкиізтоғай ауылы имамы Қанапия Қалилахұлы, Ембі ауылы имамы Саламат Қаражанов, Жылыой ауданы мешітінің ұстаздары Думан Балықшиев пен Бағдат Алуадиновқа табысталды.

«Имамдарымыз асыл дінімізді насихаттауда, жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақыруда, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда белсенді еңбек етіп жүр. Қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы жолында атқарып жатқан қызметтеріңізге береке тілеймін» деді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.