Атырау мешіттері Құрбан айт күндері 5728 отбасына ет таратты

Күллі мұсылман әлемі үшін ұлық мереке кезінде Атырау облысы бойынша мешіттер 5728 отбасын құрбан малының етімен қамтамасыз етті.

Мереке күндері облыс бойынша 1054 қой, 30 ешкі, 62 сиыр, 1 түйе құрбандыққа шалынды.

Құрбан малдарының еттері мешіттердің ұйымдастыруымен мұқтаж отбасылардың үйді-үйлеріне жеткізіліп берілді.

Еске сала кетелік, биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілде күні басталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.