Атырау мешіттері Жаңаөзенге гуманитарлық көмек жөнелтті

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық көмекті жинақтауға Атыраудағы қала, аудан мешіттері толықтай атсалысты.

300 дана киім-кешек, 100 данадан астам тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігін мешіт ұстаздары, жамағат шығарып салды.

Айта кету керек, бұл Атырау мешіттері жөнелтіп отырған алғашқы көмек емес. Былтыр бірнеше жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек Жамбыл облысына жөнелтілген болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.