Атырау селолық мешітінің жамағаты аталған селолық округтегі Каспийский көшесіндегі шұңқырларды бітеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскінбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған игі іске жамағат тарапынан 6 адам жұмылды.
“Бұған дейін Каспийский көшесіндегі шұңқырлар көлік қозғалысына зиян келтіріп, апатты жағдайлар туғызып келген еді. Ауылымыздың осындай ірілі-ұсақты шаруаларына араласып, мәселенің оң шешілуіне ықпал ету парызымыз” дейді жамағат.


Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.