«Мектепке жол» акциясы арқылы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетуге болады.
Қайырымдылық акциясына кез-келген азамат үлес қоса алады.
«Әр балаға кемінде 10 мың теңге көлемінде оқу құралдарын алып беру жоспарлануда. Осы ретте облыс тұрғындарын, демеушілерді қайырымдылық акциясына үлес қосып, қаржылай қолдау көрсетуге шақырамыз. Акция 31 тамызға дейін жалғасады» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев.
Еске сала кетелік, Атырау облыстық білім басқармасы биыл 20 мың оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдары, киім-кешек түрінде көмек көрсетілетінін хабарлаған еді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
Бастапқы фондағы сурет: Pavlodarnews.kz