Атырау қаласы, аудандар және ауыл мешіттерінде тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Мешіттер ұжымы және ерікті жастардың, жамағаттың ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан сенбілік барысында құлшылық үйінің ғимараты, ауласы тазаланып, ағаштар әктелуде.
«Тазалық – иманның жартысы. Алланың үйінің күйін түзеген жандарға жəннат сый. Бұл жайында хадистер де бар. Мешіттерімізде тазалық, дезинфекциялық жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.