Атырау облысына 90-ға жуық діни кадр тарту жоспарлануда

Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде білім алып жатқан студенттермен кездесу барысында айтты.

Карантин талаптарына сай өткен кездесуде Атырау облысындағы діни ахуал, кадр жетіспеушілігі, жат ағыммен күрес мәселесі талқыланды.

«Жалпы, Атырау облысына 90-ға жуық діни кадр тарту жоспарда бар. Болашақта облыс бойынша 25 мешіт тұрғызу жоспарланып отыр. Ол мешіттердің төртеуі ғана қалада, қалғаны аудан және мешіті жоқ ауылдарға тұрғызылады» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Сарыағаш медресе-колледжінде бүгінгі таңда 860-тан астам студент білім алуда.

Кездесу соңында өмірден өтіп кеткен ұстаздар рухына дұға бағышталды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.