Атырау облысының Бас имамы Сарыағаш медресесінде кездесу өткізді

Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжіне арнайы барып, ондағы ұстаздармен кездескен Алтынбек Ұтысханұлы дін саласы кадрларын Атырау облысында еңбек етуге шақырды.

«Діни кадр мәселесі Атырауда әр кез өткір болып келді. Атырау облысы сауатты мамандарға әлде де болса мұқтаж. Мүлде діни кадр жоқ ауылдар да бар. Кездесу барысында өңірдегі діни ахауал, мамандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау және өзге де өзекті жайттар талқыланды» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, Атырау облысында бүгінде барлығы 33 мешіт жұмыс жасап тұр. Қала және аудандарда орналасқан мешіттерді жоғары білімді діни кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.