Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық мешіттің қайырымдылық шараларына тікелей атсалысып жүрген кәсіпкер Ибрагим Әліповке алғыс айтты.
Ибрагим Әліпов орталық мешітке Бас имамның қызметтік үйін сыйға тартты. Және әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше отбасының баспанамен қамтамасыз етілуіне ықпал етті.
«Атырауда бұрын-соңды бас имамның қызметтің үйі болмаған. Жаңа үй орталық «Иманғали» мешітінің балансына алынып отыр. Жаңа баспана мешіт меншігіндегі қызметтік пәтер ретінде қолданылатын болады. Осындай игі істердің басы-қасында жүрген кәсіпкер бауырымыз Ибрагим Әліповке орталық мешіт ұжымы атынан алғыс айтамын» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.