Атырау: орталық «Иманғали» мешітінде құрбандық шалынып, 35 отбасына ет және дәрі-дәрмек таратылды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 14 шілде, 2020 жыл.   Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде бір ірі мал, бір қой малы құрбандыққа шалынды.

Құрбан малының еті 35 мұқтаж отбасына таратылды. Сонымен бірге, мұқтаж отбасыларға қызу түсіретін дәрілер қоса таратылды.

«Қазіргідей қиын жағдайда мейілінше жақсылық істерді көбірек жасауымыз керек. Жаратушы Иеміз парыз еткен сауапты амалдарымыздың қайырына үміт етейік. Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етсін.

Пандемияға байланысты мешіттеріміздің жабық тұрғанына қарамастан, қайырымды істер жалғаса береді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.