Атырауда имамдардың онлайн жиналысы өтті

amin.kz/ 14 шілде, 2020 жыл.  Атыраудың орталық “Иманғали” мешітінде онлайн жиналыс өтті.

Қала және аудан имамдарының қатысуымен өткен жиында пандемия жағдайында мешіттерде санитарлық талаптардың сақталуы мәселесі талқыланды.

“Құрбан айт мерекесі жақындап келе жатыр. Ауыр эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, қайырымдылық шаралар жалғасуы қажет. Және қандай ма жағдай болмасын, санитарлық талаптардың сақталуы басты назарда болуы керек” деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.