Атырау селолық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Атырау селолық мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шара аясында 12 отбасына азық-түлік таратылды.

«Мұқтаж шаңырақтарды, көп балалы отбасыларды қамтыған акция мешітімізде ай сайын өтіп отырады. Қайырымдылық шаралары жалғасады» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Бөлекбаев.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл басында 7 жұмыс бағытын бекіткен болатын. Ағарту, оңалту бағытындағы жұмыстар қатарында қайырымдылық саласы да бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.