Атырауда әйел адамдарға арналған жазғы курс басталды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Діни сауат ашу және Құран жаттау орталығында әйел адамдар үшін жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады.

Білім алушылармен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кездесіп, насихат айтты.

«Әйел адамның қазақ қоғамындағы ролі ерекше. Себебі, әйел адам ұлтты тәрбиелейді. Сондықтан, әйел адамның білім алып, көкжиегін кеңейтуі маңызды. Халқымыз «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп тегін айтпаған» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.