Мақат мешіті «Шаңырақ» балалар ауылын мерекемен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Мақат аудандық орталық мешіті Атырау қаласындағы «Шаңырақ» балар ауылындағы тәрбиеленушілерге барып, мерекелік шара өткізді.

Аниматорлар бастап барған Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов блаларды құттықтап, көңілді кеш ұйымдастырды.

Сондай ақ, Мақат аудандық мешітінің ұйымдастыруымен балалар ауылына күнделікті гигиеналық заттар, киім-кешек, ойыншықтар және тәттілер салынған сыйлықтар үлестірілді.