Атырауда әйел жамағатына арналған бірқатар шаралар өтті

Қазақстан мұсымандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар рухани шаралар өтті.

Соның бірі – «Мұсылман әйелдің бейнесі» атты облыстық семинар. Семинар барысында белгілі ұстаз, Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Ардақ Сайынқызы дәріс оқыды.

«Алла Тағаланың көркем  жаратылыстарының ішінде  тәні нәзік, жаны сұлу болған жаратылыс ол – әйел. Оның күштілігі – оның  әлсіздігінде. Әйел неғұрлым нәзік болса, оның бейнесі соғұрлым көркемдене түседі.

 Әйел – ерлерге қарағанда  әлсіз, мейірімді әрі сабырлы келеді. Олардың жаратылысындағы ерекшелікті Алла Елшісі с.а.с. былайша сипаттады: “Әйелдердің еркектерден артықшылығы олардың сезімтал етіп жаратылуында.  Дегенмен, Алла оларды ұялшақ қылап жаратқан ”  деп атап өтті ұстаз Ардақ Сайынқызы.

Сондай ақ, әйелдер арасында рухани марафон өтті. «Намазыңды әсемде» атты марафонда әйелдер жамағатына діни, рухани білімдер берілді.