Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, мұқтаж 15 отбасына азық-түлік және ет таратылды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қайырымдылық шарасына атсалысқан жомарт жандарға ризашылығын жеткізді.

«Еліміздің кейбір жомарт жігіттері өзінің туып-өскен ауылына бала-бақша, мешіт, көпір, жол, спорт кешенін, салса, енді бір тобы мұқтаждарды тамақтандырып, халықтың ықыласына бөленуде. Әрбір азамат елдің игілігі үшін осылайша қолдан келген көмегін көрсетсе біздің қоғам жан-жақты дамиды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің сан-салалы қызметі аясында негізгі төрт бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.