Атырауда әйелдер жамағаты 150 балаға тәттілер таратты

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінің әйелдер жамағаты балаларға ерекше сый жасады.

Бір мезгілде 150 балаға сыйлықтар үлестірілді.

«Сыйлықтарды қала көшелерін аралап жүріп тараттық. Негізінен көп қабатты үйлердің ойын алаңдары қамтылды. Бала – болашағымыз. Балаларға ерекше сый жасау арқылы, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауды мақсат еттік» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.