Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті жамағатқа сый жасады

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде жамағатқа ерекше сый жасалды.

Қасиетті Рамазан кезінде Тарауық намазына толықтай қатысып, құлшылық жасаған жамағатқа «Адамзаттың асыл тәжі» кітабының 300 данасы сыйға берілді.

«Алланың сүйікті Құлы әрі Елшісі, адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (с.ғ.с) екендігі даусыз. Бұл кітапта Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және Мәдинаға көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен баяндалады. Қалың оқырман қауымға арналған кітаптың тәрбиелік, рухани мәні зор» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.