Атырауда әйелдер жамағатына арналған рухани кеш өтті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті әйел жамағаты үшін, «Берекелі Рамазан» рухани кешін өткізді.

Барлығы 200 адам қатысқан іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторының Сұлтан Бейбарыс мешітіндегі өкілдігі ұйымдастырды.

Іс-шара аясында «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің әйел-қыздар арасында жамағаттары арасында өткен «Зікір» сайысының жеңімпаздары марапатталды. Сондай ақ, Әжелер мектебінің өкілдері, «Көз айым» еріктілер тобы арасындағы сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.

Әжелер арасынан Нұрсұлу Бекқожиева, Алма Жарылқасынқызы,
Ақтиме Қуанышкереевна, Бағиша Қаламғалиқызы марапатталды.

«Көз айым» еріктілер тобы арасындағы зікір сайысында Әсел Биғазы,
Айдана Талғатқызы, Жайнагүл Әдебиетова үздік деп танылды.

Жамағат арасында өткен «Зікір» марафонында Тұрсынай Турдалиева,
Жібек Тулеушова, Салиха Рамазанқызы, Әлия Мұратова марапатталды.

Іс-шара аясында қатысушыларға Рамазан туралы түрлі викториналық сауалдар қойылып, кеш театрландырылған қойылыммен жалғасын тапты.

«Біздің мақсатымыз – Рамазанды дәріптеу, әйел жамағаты арасында имандылық, ислам құндылықтарын насихаттау. Рамазан үлкен мереке. Бұл айда адамдар бір-біріне қуаныш сыйлауы керек. Және ағартушылықпен айналысып, білім алудың да сауабы мол» дейді шараны ұйымдастырушы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің ұстазы Қатеп Миланбекқызы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.