Атырау селолық мешітінде көгалдандыру жұмыстары жасалды

Атырауда Атырау селолық мешітінде ағаш егу акциясы өтті.

Атырау селолық мешітінің ұйымдастыруымен өткен шара аясында аталған мешіт ауласына, Дамбы және Атырау селолық округінің әкімшілік ғимаратының ауласына жас шыбықтар мен гүлдер  отырғызылды.

«Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген тамаша тәмсіл бар. Ағаш егу – өмір жалғастығының символы. Бүгін біз еккен ағаш ертең ұрпағымызға сая болып, жеміс беріп жатса, бұл керемет іс болмақ. Ағаш көп болса, экологиялық тазалық та болады» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.