Мақат ауданының бас имамы «Дінтану» пәні мұғалімдерімен кездесті

Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов мектептерде «Дінтану» пәні бойынша сабақ беріп жүрген мектеп мұғалімдерімен кездесті.

Кездесуде «Дінтану» пәнінің маңызы және жат ағымның алдын алу тақырыптары талқыланды.

«Кез-келген ұлттың қазығы руханияттан бастау алады. Біздің міндетіміз – ел болашағы үшін рухани қуатты ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осы ретте, мектептерде оқытылып жатқан «Дінтану» пәні әлем діндері туралы библиографиялық дерекнама ретінде қабылданбауы керек. Осы пән арқылы балаларға дін мен діл, тарих, ұлтымыздың болмысы, салт-санасы туралы да тәрбие беруіміз керек» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.

Еске сала кетелік, іс-шараны Мақат аудандық білім беру бөлімі және Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.