Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде зекет таратылды (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, 20 мұқтаж отбасына 900 мың теңге көлеміндегі зекет таратылды.

«Есімін атамауды өтінген бауырымыз мешітке 900 мың теңге көлемінде зекет қалдырған болатын. Біз әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды тізімдеп, аталған соманы 20 отбасына таратып беруді ұйғардық» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, зекет – мұсылмандардың бес парызының бірі, яки мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа.

Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.