Атырауда Айт намазы оқылатын уақыт белгілі болды

Атырауда Ораза Айт намазы жергілікті уақытпен сағат 7.30-да оқылады.

Сағат 8.00-де мешіттер жанынан мерекелік дастархан жайылады деп күтілуде.

8.30-да қазақтың ұлттық ойындары бойынша спорттық шаралар өтеді.

Сондай ақ, облыс бойынша он мыңға жуық балаға айттық таратылады. Жүзге жуық отбасына қайырымдылық көрсетіледі деп күтілуде.