Мақат ауданында қариға құрмет көрсетілді

Мақат аудандық орталық мешітінде жергілікті жұртшылық Рамазан айы бойына Тарауық намазын жүргізген Серік Диас қариға құрмет көрсетті.

Жергілікті жамағат алғыс ретінде қариға 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.


«Сондай ақ, бұл күні Мақат ауданы әкімі Ринат Хисаұлы жамағатқа ауызашар және сәресі берді. Барлық адамды теңестіретін Рамазан айында аудан мешіттерінде ізгілікке толы шаралар көптеп ұйымдастырылды» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.