Атырауда Әжелер мектебінің мүшелері 300 адамға жетті

Әжелер мектебінің басты мақсаты – жастар тәрбиесі, отбасы, қоғам бірлігі тақырыптарына арналған рухани-идеологиялық бағытта жұмыстар жүргізу.

«Әжелер мектебінің» жұмыс жоспары аясында  жас қыз-келіншектерге бағыт – бағдар беру, оларды имандылыққа баулу, дін мен дәстүрді сабақтастырып түрлі шаралар ұйымдастыруда.

Сонымен бірге, қарттар үйі мен жетімдер үйіне зиярат жасау, қайырымдылық шараларына атсалысу бағытында да жұмыстар жүруде. Қазіргі уақытта Әжелер мектебінің шаралар ауқымы қала ғана емес, аудандарды да қамтып жатыр» дейді Атыраудағы Әжелер мектебінің төрайымы Жұмагүл Нәсиқызы.